Тапсырманы импорттау

Барлығын жаю | Барлығын жию

Kaspersky Security Center бағдарламасы тапсырманы KLT файлынан импорттауға мүмкіндік береді. KLT файлдында экспортталған тапсырма мен оның параметрлері бар.

Тапсырманы импорттау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Тапсырмалар бөліміне өтіңіз.
  2. Импорттау түймесін басыңыз.
  3. Импорттағыңыз келетін тапсырма файлын таңдау үшін Шолу түймесін басыңыз.
  4. Ашылған терезеде тапсырманың KLT файлына апаратын жолды көрсетіңіз және Ашу түймесін басыңыз. Назар аударыңыз, сіз тек бір тапсырма файлын ғана таңдай аласыз.

    Тапсырманы өңдеу басталады.

  5. Тапсырма сәтті аяқталғаннан кейін, тапсырманы тағайындағыңыз келетін құрылғыларды таңдаңыз. Бұл үшін, келесі параметрлердің бірін таңдаңыз:
    • Басқару тобына тапсырманы белгілеу
    • Құрылғының мекенжайларын қолмен белгілеу немесе тізімнен импорттау
    • Құрылғы таңдауына тапсырманы белгілеу
  6. Тапсырманың әрекет ету ауқымын көрсетіңіз.
  7. Импорттау тапсырмасын аяқтау үшін Аяқтау түймесін басыңыз.

Импорт нәтижелері бар хабарландыру пайда болады. Тапсырманы импорттау сәтті орындалса, сіз тапсырмасипаттарын қарап шығу үшін Мәліметтер сілтемесінен өте аласыз.

Импорт сәтті орындалғаннан кейін, тапсырма тапсырмалар тізімінде көрсетіледі. Тапсырма параметрлері мен кесте де импортталады. Тапсырма кестеге сәйкес іске қосылады.

Импортталған жаңа тапсырманың атауы бұрыннан бар тапсырманың атауымен бірдей болса, импортталған тапсырманың атауы түр (<реттік нөмір>), мысалы: (1), (2) жалғауы көмегімен кеңейтіледі.

Басына оралу